Архив событий

02/06/2017

Тараптар сот медиациясы көмегімен татуласты

02/06/2017

Талап қоюшы «К.-Ф.» микрокредиттік ұйымы Қаратау аудандық сотына берген талап қою арызында жауапкер Е.Н.-дан 2 075 583 теңге қарыз ақшаны өндіруді сұраған.

Істі қарау барысында тараптардан сот медиациясы рәсімін жүргізу туралы өтініш түскен.

Медиациялық келісім бойынша жауапкер Е.Н. талап қоюшыға 2 075 583 теңге қарыз ақшаны 12.06.2017 жылға дейін толық қайтаруға міндеттеніп, ал талап қоюшы өз кезегінде талап арыздан бас тартқан.

Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға тартылды

02/06/2017

Сот отырысында құқық бұзушы С.-ның қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе оларға масаң күйде келгені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 11.05.2017 жылы сағат 18.00 шамасында ОҚО, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті, Мадиходжаев көшесінде алкогольдік масаң күйде жүргені анықталған.

Мақтаарал ауданының №2 аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы С. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.