Арыс аудандық сотының төрағасы БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев судьялардың, прокуратура, ІІБ-нің қызметкерлерінің, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың, адвокаттардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен азаматтарды қабылдау жүргізді.

Сот төрағасының қабылдауына ауданның бірнеше тұрғындары еңбек дауы, алимент өндіру, отбасылық заңнама, жер қатынастары және келісім шарт міндеттемелері туралы сұрақтармен жүгінді.

Қабылдауда болған барлық азаматтар өз сұрақтарына толық жауап алды және оларға қолданыстағы заңнама нормалары түсіндірілді. Одан басқа, сот актілерімен келіспеген жағдайларда заңнамаға сәйкес жоғары сатыдағы соттарға шағымдану бойынша олардың құқықтары түсіндірілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі