Арыс аудандық сотының төрағасы көшпелі сот отырысын өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Арыс аудандық сотының төрағасы А.Ертаев Арыс аудандық ІІБ-нің үлкен мәжіліс залында  ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі сот отырысын өткізді.

Көшпелі сот отырысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 190-бабының 3-бөлігінің 2)тармағымен айыпталған сотталушы Б.А.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі жарияланды.

Сотталушы Б.А., Арыс аудандық ІІБ-нің криминалды полиция бөлімшесінің жедел уәкілі қызмет атқарып жүріп, карьерден кедергісіз құм артуға рұқсат беру үшін, жәбірленуші А.Е.-ден 305 000 теңгені алу барысында ұсталған. 

Соттың үкімімен сотталушы Б.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен, 190-бабының 3-бөлігінің 2)тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған іс бойынша айыптау үкімі жарияланған соң, сот төрағасы  сотталушы Б.А.-ның  жасаған қылмысының ауырлығына тоқталып, ішкі істер органының қызметкерлерінің арасында жаңа қылмыстық  құқық бұзушылықтың орын алуының алдын алу,  заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту мақсатында көшпелі сот отырысы өткізіліп отырғанын айтып өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі