Ауғанстан Ислам Республикасының 31 азаматы заңсыз жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігімен Ауғанстан Ислам Республикасының 31 азаматына қатысты әкімшілік істері қаралды.

Іс материалдарына сәйкес Ауғанстан Ислам Республикасының 31 азаматы  Сарыағаш ауданы, Ошақты ауылдық округіне қарасты қырлы далада ауызша келісім жасау арқылы, жалдамалы түрде ақыға еңбек еткен, яғни «Кәурек» шөптерін теру түріндегі жұмыс істегені анықталған. Сөйтіп өздерінің заңсыз іс-әрекеттерімен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігінде жауапкершілігі қарастырылған құқық бұзушылықты жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушылар  кінәсін мойындап, жұмыс жасап, табыс тауып жүргенін айтып, түсініктемесін берді.

Сот қаулыларымен Ауғанстан Ислам Республикасының 31 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, олардың әр қайсысына Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндеге әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот қаулылары заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі