Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны қолдану аясының кеңейтілгені жөнінде дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істердің жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) міндетті түрде медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобасының іске асырылу мәселелері бойынша  дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында медиацияның өзектілігі мен тиімділігі, оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығы және аудандық сотта медиация туралы заңды іске асырудың деңгейі туралы судьялар мен кәсіби емес медиаторлар өзара пікір алмасты.

Төраға Н.Ешпанов аталған жобаға Жоғарғы Сот Төрағасының 2017 жылғы 26 шілдедегі №6001-17-7-4/188 өкімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, Пилоттық жобаны іске асыру мерзімі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын, сондай-ақ жобаға толықтырулар енгізіліп, мүлікке меншік құқығы туралы, тауар жеткізілімінің, жалдау, сатып алу-сату, тасымалдау шарттары бойынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы, корпоративтік даулар бойынша, медициналық қызмет көрсетуіне байланысты істер бойынша медиация қолданылатынын айтты.

Талқылаудан соң қатысушылар аталған пилоттық жобаның татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуге және халықтың дауларды соттан тыс реттеу мүдделілігін ұлғайтуға септігін тигізетіндігі жөнінде пікірлерін білдірді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі