Ерлі-зайыптылар медиация тәртібімен татуласты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам ауданының тұрғыны С.Ю.-ге қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК 1-бөлімнің, 73-бабына сай әкімшілік хаттама түзген.

Істің мән-жайына сәйкес, С.Ю. мас күйінде өз үйінде жанжал шығарып, өз әйеліне тіл тигізіп, ұятсыз сөз айтып, тұрмыстық заттарды сындырған.

Сайрам аудандық сотында істі қарау барысында тараптар медиатордың көмегімен татуласу ниеттері бар екенін көрсетіп, отырысты кейінге қалдыруды сүраған.

Берілген уақыт өткен соң тараптар медиация тәртібімен татуласқандықтан істі тоқтатуды сұрады.

Сот медиациялық келісімді бекітіп, істі қысқартқан.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі