«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Отырар аудандық сотында өткізілген семинар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Семинарға Отырар аудандық сотының төрағасы А.Джанасов,  Отырар аудандық прокуратурасы және Отырар АІІБ-нің өкілдері қатысты.

Сот төрағасы А.Джанасов әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі принциптерін мүлтіксіз сақтау жөнінде айта келе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің дұрыс қаралуы үшін, құқық бұзушылық туралы хаттаманың сапалы толтырылуын қажеттілігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жекелеген істер бойынша хаттамалардың тиісті түрде толтырылмайтын және дұрыс ресімделмейтін фактілері жиі кездесіп отырады.

Қолданыстағы әкімшілік кодексте дұрыс толтырылмаған хаттамаларды қайтару көзделмегенін, сол себепті әкімшілік істердің заңға сәйкес ресімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына аса назар аудару керектігін баса айтты.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, құқық қорғау органдарының өкілдері біркелкі жұмыс тәжірибесін қалыптастыру үшін тиісті ұсынымдар қабылдады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі