Медиация тәртібімен келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекші аудандық сотында талапкер А.С.-дан жауапкер Т.С.-ға қарыз ақша өндіру туралы талап арызына байланысты азаматтық іс қаралды. Жауапкер Т.С. 12.11.2015 жылы А.С.-дан 6000 мың АҚШ долларын 7 ай мерзімге қол хат негізінде алған. Белгіленген мерзімде 2000 мың АҚШ долларын беріп, қалғанын бір айдан соң қайтаратынын айтқан.

Алайда, ол қарызын қайтармаған. Сотта тараптар медиация тәртібімен бітімгершілікке келіп, талапкер А.С. жауапкер Т.С.-дан 4000 АҚШ долларын өндіру туралы талап арызынан бас тартты. Жауапкер Т.С. 2017 жылдың 1 ақпанына дейін 4000 мың доллар негізгі қарызын,  және 3 000 000 миллион теңге моральдық шығынын төлеуге міндеттенгенін ескере отырып, өзінің талабынан бас тартты.

Сот бітімгершілік келісімінің талаптары заңға қайшы келмейтінін, сотта бекітілген жағдайлар барысында ешкімнің құқығы, бостандығы, заңды мүдделері бұзылмайтындығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278, 174,175,177 бабының 2-бөлігіне сәйкес бітімгершілік келісімді бекіту туралы шешім қабылдады.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі