Медиация тәртібімен жасалған келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талапкер «К.» АҚ-ы жауапкер «ОПС В.» ЖШС-нан қарыз ақшаны өндіру туралы талап арызбен жүгінді.

Сот талқылауы барысында тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның талаптары бойынша талап қоюшы талаптан бас тартатыны, ал жауапкер талап қоюшыға 108 257 теңге берешекті 2017 жылғы 6 қазанға дейін өтеуге міндеттенетіні көрсетілген.

Сот тараптардың дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі ҚР «Медиация туралы» Заңының 27-бабының талаптарына сай келетінін, заңға қайшы келмейтінін, екі тараптың мүддесінде жасалғанын және келісімнің талаптарын орындау үшінші тұлғаның мүдделеріне нұқсан келтірмейтінін ескеріп, медиативтік келісімді бекітті.

Тараптар бітімгершілікке келуіне байланысты талапкер төлеген мемлекеттік баж салығы оған қайтарылды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі