ОҚО соттары сот жүйесіндегі жаңа электрондық сервистер мен медиацияның артықшылықтарын белсенді түрде насихаттауда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық сотының төрағасы Т.Машрапов «Ашық есік күнін» өткізу және азаматтарды қабылдау мақсатында Әлімтау ауылдық округіне барды.

Іс-шараға сот төрағасы Т.Машрапов, аудан әкімі Қ.Әбдуалиев және ауыл округ тұрғындары қатысты.

«Ашық есік күні» аудан тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру, сонымен қатар, сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету және сот жүйесіндегі жаңа технологиялардың, Ахуалдық Орталықтың тиімді тұстарын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның аясында сот төрағасына Әлімтау ауылдық округінің тұрғындары  неке және отбасылық зорлық-зомбылық жөніндегі сұрақтарымен жүгінді. Қабылдау кезінде сот төрағасы азаматтардың туындаған сұрақтарына толық жауап беріп, заң талаптарын түсіндірді және Әлімтау ауылдық округіндегі шешілмей жатқан мәселелерін тыңдады.

Жеке қабылдаудан соң сот төрағасы Әлімтау ауылдық округінің әкімшілігінде халықпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған сот құқық жүйесіндегі жаңа өзгерістер туралы, электронды сот төрелігін дамыту, Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын, азаматтық сот ісін жүргізудегі дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны, олардың қолданылу тәсілдері жайлы толық түсіндіріп өтті. Сонымен қатар арыздарды «Сот кабинеті» электрондық желісі арқылы азаматтардың үйінен шықпай-ақ, сотқа арыздары мен шағымдарын беруге, сот актілерінің көшірмесін алуға және сот отырысының хаттамасымен танысуға болатынын және «Сот кабинетінің ұялы болжалы» арқылы жіберу мүмкіндігі туралы, сот процессін аудио- бейне жазба жолымен жүргізу туралы, сотқа қатысушыларды СМС хабарлама жіберу арқылы сот процесіне шақыру туралы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ахуалдық орталығының жұмысына жан-жақты тоқталып, оның сот төрелігін жүзеге асырудағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі жаңа практикалық цифрлық шешім екенін атап көрсетті.

Оған қоса, төраға ауылдық жерлерде көбінесе мал ұрлау немесе алаяқтық қылмыстары жасалуда екенін атап өтті және жер, неке-отбасылық және келісім шарттардан туындайтын даулардың саны артып отырғандығын айтып, осыған орай дау-жанжал жағдайларды шешу үшін медиаторлармен бірлесе отырып жұмыс жасап, сот жүйесіндегі жаңа технологияларды алшақтан қолдануды түсіндірді.

Іс-шара соңында ауыл тұрғындары сот төрағасына сот жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңашылдықтар туралы жан-жақты жасалған баяндамасы үшін алғысын білдіріп, бұл жиын тұрғындардың құқықтық мәдениетін көтеруде пайдалы болғанын атап айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі