Оңтүстік Қазақстан облыстық соты жастарды сот жүйесінің жұмысымен таныстырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында «Құқықтық Жастар квесті» бағдарламасы аясында «Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қорының өкілдерімен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында ОҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Н.Уразгалиева қонақтарға облыстық соттың және Соттар әкімшісінің негізгі қызметі туралы және соңғы жылдардағы сот саласында болып жатқан реформалар жөнінде түсіндірді.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар бүгінгі таңда сотта қолданылып жатқан «Сот кабинеті» сервисімен, АБТ (АВФ) құрылғыларымен және тағы басқа  информациялық технологиялармен және сот музейімен танысты.

Соттар әкімшісінің Талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы Л.Юлдина жастарды музеймен таныстыру барысында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тәуке ханның Жеті жарғысы» жөнінде әңгімелеп берді.

Аталған іс-шара жас ұрпақтың бойындағы қазақстандық патриотизмді насихаттауға, мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын күшейтуге бағытталған.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі