Пилоттық жобаға сәйкес іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында талапкер Н-ның жауапкер Қ-мен араларындағы некені бұзу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптар пилоттық жоба негізінде дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, бұдан былай отбасында дау-жанжал шығармау жөнінде міндеттеніп, талап арызынан бас тартты.

Сот медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің талаптары заңға қайшы келмейтінін, сотта бекітілген жағдайлар барысында ешкімнің құқығы, бостандығы және заңды мүдделері бұзылмайтындығын ескеріп, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 278-бабының, 277-бабының 6-тармағына сәйкес, бітімгершілік келісімді бекіту туралы шешім қабылдады.

Еңбекші аудандық сотында пилоттық жобаны іске асыру барысында  осыған ұқсас 3 азаматтық іс қысқартылды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі