Сарыағаш аудандық сотында «Ашық есік» күні өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш аудандық сотында 2017 жылдың 17 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьялық әдеп жөніндегі комиссиясының мүшесі А.Налибаев «Ашық есік» күнін өткізді. «Ашық есік» күніне Сарыағаш аудандық сотының төрағасы мен судьялары  қатысты.

Бұл іс-шара азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеруге, сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз етуге, оның беделі мен сот билігінің мәртебесін арттыруға бағытталды.

Төрағалық етуші «Ашық есік» күніне келген аудан тұрғындарын қабылдап, келушілердің пікірлерін тыңдап, олардың қойған сұрақтарына толыққанды жауап берді.  

Іс-шараға келушілер электронды технологиялар бойынша және сот жүйесіндегі жаңашылдықтарға байланысты өздерін қызықтырып жүрген сауалдарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.

Шара барысында қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты жауап беріліп, төрағалық етуші бүгінгі таңда халықтың сотқа деген сенімін арттыру күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі екенін атап өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі