Сайрам аудандық соты Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сайрам аудандық сотының ықпал етуімен Ақбұлақ ауыл округінің акт залында халықпен кездесу ұйымдастырды. Оған мемлекеттік органдардың қызметкерлері, нотариустер, адвокаттар, медиаторлар және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында төраға Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі аспектілерін атап өтіп, 2017 жылдың 31 қаңтарынан бастап «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» және азаматтық сот ісін  жүргізудегі дауларды жекелеген санаттарымен медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға тоқталды.

Берілген іс-шара бірлескен кешенді жоспардың 8 тармағын жүзеге асыруға бағытталған ынтымастық пен меморандумға қосылу аясында келісімді бекіту туралы аудандық сот төрағасының бастамасымен сотта 9 ұйымдардын басшылары өзара келісімге қол қойды.

Сонымен қатар, халықпен кездесулер Сайрам ауданының Ақсукент, Қарасу ауыл округтерінде жалғасын тауып, қалған ауылдық округтерде де кедесу өткізужоспарлануда.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі