Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент  қаласының  Қаратау аудандық  сотында судьялар мен сот қызметкерлерінің қатысуымен «Сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-бейнежазба (АБЖ) құралдарын техникалық қолдану, аудио-бейнежазбаны сақтау және жою, аудио-бейнежазбаға қол жеткізу қағидалары» тақырыбында семинар сабақ өтті.

Семинар барысында сот төрағасы Е.Рахманберді сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалануды сот отырысының хатшысы іске асыратынын, сот отырысының хатшысы сот отырысы басталғанға дейін 15 минут алдын сот отырысының барысын түсіріп алуды қамтамасыз ететін аудио-, бейнежазба құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеретінін, егер техникалық ақаулықтар салдарынан сот отырысы барысының аудио, бейнежазба құралдарын пайдалану арқылы хаттамалау мүмкін болмағаны немесе сот отырысының аудио-, бейнежазбасы жүргізілмегені анықталса, акт жасалатын, актіге сот отырысының хатшысы мен аудандық соттың кеңсе меңгерушісі қол қойып, сот отырысының хаттамасына қоса тіркелетінің айтты.

Сонымен қатар, сот отырысының аудио-, бейнежазбасын заңсыз тоқтатуға немесе түзетуге тыйым салынатының атап өтті.

Баяндамадан соң қатысушылар аудио-бейнежазба (АБЖ) құралдарын техникалық қолдануы жөнінде  пікір алмасты. 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі