Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2016 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстары қорытындыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

22.02.2017 жылы Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы А.Бектұрғанов 2016 жылда атқарылған жұмыстары бойынша баспасөз маслихатын өткізді.

Төраға өткен жылдың 12 айында әкімшілік сотқа 9566 әкімшілік іс келіп түскеніне тоқталды. Оның ішінде 9014 іс бойынша әкімшілік жаза қолданылса, 3156 іс бойынша қамаққа алынған. Ал, 3837 азаматқа айыппұл салынып, 56-на ескерту берілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып жіберілген 763 іс қаралып, 808 шетел азаматы қамаққа алынған және 1214 жүргізуші жүргізушілік куәлігінен айырылған. 522 іс өндірістен қысқартылып, 27 іс соттылығы бойынша жолданған. 

Іс-шара соңында төраға БАҚ өкілдерінің қойған сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі