«Сот актілерін орындау барысында туындайтын кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақтаарал ауданының № 2 аудандық сотында судьялар мен аудандағы мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, БАҚ-тың өкілдерінің қатысуларымен «Сот актілерін  орындау барысында туындайтын кейбір мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Аудандық сот судьясы А.Шиндалиев өз баяндамасында, соңғы уақытта елімізде сот шешімдерінің  және басқа да атқаруға жататын құжаттарды орындау мәселелеріне, әсіресе, орындау өндірісі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылданып, орындау өндірісі органдарының құрылымы мен жүйесі өзгертілгенін және сот орындаушыларының материалдық-техникалық базасы жақсартылғанын атап өтіп, сәйкесінше сот орындаушыларының жұмыс нәтижесі де жақсаруы тиіс екеніні назар аударып, мемлекет пайдасына өндірілуге тиісті сомалардың орындалу сапасы төмен екенін айтты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар сот актілерінің орындалмау себептерін, сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелерді талқылап, мемлекет пайдасына өндірілуге тиісті сомаларды өндіруге барынша күш салып, олардың орындалуына заңда көзделген  барлық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды.

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі