Сот төрағасы ауылдық округтерге барып аудан тұрғындарын қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас аудандық сотының төрағасы Айдос Сұлтанов аудан әкімшілігімен келісілген кестеге сай, сот ашықтығын қамтамасыз ету, аудан халқы арасында туындап отырған көптеген дауларды сотқа дейін реттеу бойынша құқықтық насихат жұмыстарын жүргізіп, даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды күшетуді насихаттау және мемлекеттік тілді дамыту аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданы бойынша 5 ауыл округ (Майлыкент, Ақбиік, Т.Рысқұлов, Тастұмсық, Жаскешу) тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Іс-шараға ауылдық округтердің әкімдері (өзі қызмет ететін ауыл округінде), ішкі істер бөлімінің, жергілікті полиция қызметінің өкілі, аудандық жұмыспен қамты және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, аудандық жер кадастр бөлімінің маманы, аудандық «Шамшырақ», «Машат» қоғамдық-саяси газеттерінің тілшілері қатысты.

Кездесуде сөз алған Түлкібас аудандық сотының төрағасы А.Сұлтанов, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасымен ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейту мақсатында жеке санаттағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатқанын, бұл пилоттық жоба дауларды сотқа жеткізбей шешуге бағытталғанын, жаңа пилоттық жоба медиация институттың дамуына орасан зор ықпалын тигізіп, қоғамдағы дауларды азайтуда нақты нәтижелер беретіндігін түсіндірді.

Кездесулер барысында пікір алмасулар болды. Төраға 5 азаматты жеке қабылдап, сұрақтарға нақты жауаптар берді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі