Төле би аудандық сотында қылмыстық істер процестерін оңтайландыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тергеу амалдарының тиімділігін арттыру мен сот төрелегін жүзеге асыруды жеделдету мақсатында Төле би аудандық сотында «Қылмыстық іс процесін оңтайландыру» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел отырысында «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері де қарастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, прокурорлар және Төлеби  АІІБ-нің өкілдері қатысты. 

Баяндама жасаған тергеу судьясы Н.Жорабеков Республика соттарына «Электронды қылмыстық іс» пилоттық жобасының қылмыстық сот өндірісіне цифрлық технологияларды енгізу, оның ашықтығын арттыру, қылмыстық іс процесінің мерзімдерін қысқарту және қағазды құжат айналымына кететін шығынды оңтайландыру мақсатында енгізілгендігін айтты. Сонымен қатар, баяндамашы зерттеу іс әрекеттерін санкциялау, қылмыстық істерді қайтару, процестік келісімді шығару барысындағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеуді жеделдетудің ерекшеліктері мен артықшылықтары туралы айтып өтті.

Сот төрағасы Б.Кәрім сот төрелігі жүйесіндегі ақпараттық технологиялар сот өндірісінің ашықтығын және тиімділігін қамтамасыз етіп, азаматтардың сот қызметіне деген сенімділігін арттырғандығын, ал «Электронды қылмыстық іс» ақпараттық сервисі қылмыстық іс процесінің сапасын арттырып, заңдылықты бұзудың алдан алатындығын атап өтті.

Дөңгелек үстел отырысын қорытындылай келе оған қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, заңдылықты оңтайландыру және қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ сотқа дейінгі оңтайландыру, сот өндірісіне дейінгі қылмыстық істер бойынша  пилоттық жобаны дайындау мен жүзеге асыруды жеделдету жөнінде бірқатар ұсыныстар енгізілді.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі