Төлеби аудандық сотында сот актілерінің орындалу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Іс-шараға судьялар, сот қызметкерлері, аудандық прокуратура, әділет басқармасының және ішкі істер органының өкілдері, мемлекеттік және жеке сот орындаушылары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” заң талаптарының сақталуы, сот актілерінің толық әрі уақтылы орындалуы, сот актілерін орындау барысында туындайтын қиындықтар мен мәселелерді талқылады.

Шара барысында сот төрағасы Б.Кәрім сот актілерінің орындалуы сот ісін жүргізумен қатар азаматтық-құқықтық қатынастардағы құқық нормаларын іске асыру мемлекеттің басты құралдарының бірі болып табылатынына тоқталды. Заңды және негізді сот шешімін жариялау жеткіліксіз. Азамат пен заңды тұлға үшін оның орындалғаны маңызды. Сот актілерінің жылдам, толық және сапалы орындалуы қоғамның сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттырады.

Кеңсе меңгерушісі өз баяндамасында статистикалық мәліметтерді және кейбір сот актілерінің орындалмау себептерін ерекше көрсетіп өтті. Сонымен қатар, сот актілерінің орындалмау себептері ретінде атқару құжаттарының орындалу мерзімінің бұзылуы және орындалу барысы туралы сотқа жолдануы тиіс ақпараттың жеткіліксіздігінен екенін айтып өтті.

Сот актілерінің орындалмау себептері бойынша және қаралып отырған тақырыпқа қатысты жеке сот орындаушы А.Абумажитұлы және әділет басқармасының   өкілі Н.Ажибаев өз пікірлерін білдірді.

Талқылау қорытындысы бойынша сот актілерінің орындалу сапасын арттыру мақсатында сот органы және сот актілерінің атқарылуына жауапты органдардың арасында белсенді ынтымақтастық орын алу қажеттілігіне қатысушылар бірауыздан қолдау көрсетіп, аталған кемшіліктерді жоюға бағытталған бірқатар бірлескен іс-шараларды жоспарлады.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі