Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде дөңгелек үстел өтікізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында ағымдағы жылдың тамыз айында Оңтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Т.Баратбековтің қатысуымен ОҚО соттар әкімшісі мен Созақ ауданының С.Қожанов атындағы музейінің араларындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылған болатын.

Осы келісімді жүзеге асыру мақсатында Созақ аудандық сотының ұйымдастыруымен Созақ ауданы, Ақсүмбе ауылының тумасы, мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С.Қожановтың туылған күніне орай «Шоғырдағы жарық жұлдыз» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс шараға аудандық соттың судьялары мен сот, мұражай қызметкерлері, зиялы қауым, мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында аудандық соттың төрағасы Н.Шетеновтің, зиялы қауым өкілдері ақын жазушы Д.Тұрантегі мен М.Қарғабайдың, Ж.Жүзбаеваның баяндамалары тыңдалып, соңы қатысушылар арасында пікір алмасумен жалғасын тапты.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі