Архив событий

04/04/2014

Құрамында есірткі заты бар өсімдікті өсірген

04/04/2014

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының үкімімен азамат Қ.Я. құрамында есірткі заты бар өсімдікті өсіргені үшін Қазақстан Республикасының ҚК-нің 262- бабы 1- бөлігімен кінәлі деп танылып, оған айыппұл салынды.

Көмір ұрлағаны үшін әкімшілік қамауға алынды

04/04/2014

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен  Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 136-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты қасақана жасаған  Шымкент қаласының Р.Г. деген тұрғынына 3 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.

Мас халде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік қамау жазасы тағайындалды

04/04/2014

Мақтарал АІІБ-ның ЖПБ-ның қызметкерлері құқық бұзушы Б.А.-ға Жетісай қаласындағы Мақталы –Жетісай тас жолында көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерінің 2.7.1 бабының талабын бұзып, өзінің автокөлігін мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзіп, жинақталған іс-құжаттарын сотқа Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 467- бабының 8-бөлігімен қарау үшін жолдаған.