Архив событий

08/04/2014

Ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

08/04/2014

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық сотының қаулысымен азамат Б.Ж. ұсақ бұзақылық жасағаны, яғни ортақ пайдалану орындарын ластағаны үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 330-бабы 1- бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Заңсыз ойын бизнесін ашқаны үшін жазаланды

08/04/2014

31.03.2014 жылы Қазығұрт аудандық сотында сотталушы Т.Г.-ның қылмыстық ісі қаралды. Ол 2014 жылғы ақпан айының 15-нен бастап салық басқармаларында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркеуден өтпестен, Қазақстан Республикасы «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1- тармағын және  Қазақстан Республикасы «Лицензиялау туралы» Заңының 28-бабын өрескел бұзып, заңсыз ойын бизнесін ашу мақсатында, куә Ш.Т.-ға тиесілі Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауылының Тоғаев көшесіндегі нөмірсіз үйде орналасқан ғимаратты ауызша келісім шарт негізінде «халыққа тұтыну тауарларын сататын дүкен ашамын»-деп жалға алып, ойын залын заңда рұқсат етілмеген жерде табыс табуды көздеп ашқан.