Архив событий

22/04/2014

ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЖҰМЫСҚА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

22/04/2014

Жалпы ережелер

Соттардың бұқаралық ақпарат құ­ралдарымен өзара тиімді ықпалдас­тығы – бұл қоғам мен азаматтардың мүдделерін күзетудің өркениетті қызмет­тестігінің моделі. Сот қызме­тінің басым бағыты сот ақпаратына қолжетімділік және ашықтық қағи­датына сәйкес істерді қарау болып табылады. Соттардың күрделі қыз­метін, судьялардың жеке басының қа­сиеттері мен кәсіби біліктілігін танытуда бұқаралық ақпарат құрал­дарының алар орны ерекше.

Брифинг өткізілді

22/04/2014

Жуырда Бәйдібек аудандық сотының мәжіліс залында аудандық соттың 2014 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын қолдану барысы туралы брифинг өткізілді.

Аталған іс-шараға жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, соттың судьялары және кеңсе меңгерушісі қатысты.

Брифингте аудандық соттың судьясы Байтенов С. 2014 жылдың бірінші тоқсанында медиаторлардың қатысуымен аяқталған істер бойынша баяндама жасады.

Денсаулығына ауыр зиян келтірген

22/04/2014

Қазығұрт аудандық сотының үкімімен бұзақылық ниетпен адам өміріне қауіпті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген Қазығұрт ауылының тұрғыны Н.А. 4 жыл бас бостандығынан айыруға шартты сотталды.             Іс құжаттары бойынша,   сотталушы Н.А. көшеде өз сыныптастарымен жолығып қалып, бірге үйлеріне қайтып келе жатқан. Жолай олар Қазығұрт елді-мекені Қонаев көшесінің бойында орналасқан «Жан» дүкеніне кіріп, одан шыға берген кезде Н.А. осы елді мекеннің тұрғыны, 1965 жылы туылған Б.М. деген азаматпен ерегісіп қалған.

Жол көлік оқиғасын жасағаны үшін жазаға тартылды

22/04/2014

2014 жылдың 17 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек аудандық сотында Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы Ережесі» талаптарын бұзып, жол көлік оқиғасына себепші болған құқық бұзушы Б.Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен жинақталған әкімшілік іс қаралды.