Архив событий

29/04/2014

Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзған

29/04/2014

Құқық бұзушы Т.У. Өзбекстан Республикасының азаматы бола тұра, көші-қон карточкасына жеке мақсатпен деп көрсетіп, 17.02.2014 жылы Өзбекстан Республикасы аумағынан Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданының аумағындағы «Қазығұрт-016» шекаралық бақылап өткізу бекеті арқылы Қазақстан Республикасына өтіп, тиісті органдардың рұқсатынсыз Мақтарал ауданы, Ділдабеков ауылдық округінің тұрғыны К.А.-ның үйінде еңбек ақысын келісе отырып, құрылыс жұмыстарын атқарып жүрген кезінде Мақтарал аудандық ішкі істер басқармасының №1 полиция бөлімі қызметкерлеріне ұсталып, Қазақстан Республикасына келген уақытта тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасындағы көрсетілген мақсатқа сай келмей, Қазақстан Республикасының аумағында болу қағидаларын бұзғаны үшін оған қатысты хаттама толтырылған.

Көршілер медиатордың көмегімен татуласты

29/04/2014

2014 жылдың сәуір айының 15-і күні Отырар аудандық сотында  Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 330-бабы 1-бөлігімен  Е.Ш.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.