Архив событий

23/04/2014

Медиатордың көмегімен бітімгершілікке келді

23/04/2014

Үстіміздегі жылдың 18 сәуірі күні Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының №3 аудандық сотында тараптардың медиатор көмегімен бітімгершілік келісімге келуіне байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу тоқтатылған.

Айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл салынды

23/04/2014

2014 жылғы 15 сәуірде Бәйдібек аудандық сотында құқық бұзушы Е.К.-ге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 330-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушы Е.К. 2014 жылғы 3 наурыз күні кешкі сағат 20:15 шамасында Бәйдібек ауданы, Ақбастау ауылындағы Бейбітшілік көшесінің бойында орналасқан «Қарлығаш» дүкенінің алдында осы ауылдың тұрғыны Н.С.-ға ар-намысына тиетін былапыт сөздермен балағаттаған, яғни қоғамдық орында айналасындағы адамдардың тыныштығын бұзған.

Cот залынан

23/04/2014

Мақтаарал ауданының тұрғыны С.Кенжебаев Мырзакент кентінде орналасқан өз үйіне мас халде келіп, зайыбы З.Нұрмаханова екеуінің араларында шыққан жанжал нәтижесінде оны ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтірген, яғни С.Кенжебаев өзінің іс-әрекетімен Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нiң 79-3-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген құқық бұзушылықты жасаған.