Архив событий

05/04/2014

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында сенбілік өткізілді

05/04/2014

Қоршаған ортаның тазалығын сақтап тұру - бұл әрбір азаматтың міндеті болып табылатыны белгілі. 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшылығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы дәстүр бойынша ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты. Сенбілік барысында облыстық соттың судьялары мен кеңсе қызметкерлері облыстық сот ғимаратының аумағында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.