Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында сенбілік өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қоршаған ортаның тазалығын сақтап тұру - бұл әрбір азаматтың міндеті болып табылатыны белгілі. 5 сәуір күні Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшылығының ұйымдастыруымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұжымы дәстүр бойынша ұйымдасқан түрде сенбілікке шықты. Сенбілік барысында облыстық соттың судьялары мен кеңсе қызметкерлері облыстық сот ғимаратының аумағында санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, осы күні облыс аумағындағы барлық аудандық және оған теңестірілген соттарда да осындай іс-шаралар өткізіліп, жергілікті сот кеңселерінің қызметкерлері сот ғимаратын және олардың аумақтарын тазартып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз орталығы