Архив событий

04/04/2017

Қарызының орнына мүлкін алып кеткен

04/04/2017

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотында азаматша Б.Ж.-ның  мүлкін алып кетіп залал келтірген азамат Б.Т.-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігімен қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін қылмыстық іс қаралды.

Созақ аудандық сотында «Ашық есік күні» өтті

04/04/2017

Созақ аудандық сотында Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы, Қазақстан Республикасы Судьялар одағы ОҚО филиалының судья әдебі жөніндегі комиссиясының мүшесі А.Б.Қарабаев соттың қызметкерлерімен, кәсіби емес медиаторлармен, аудан тұрғындарымен және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.

Сот актісін орындамау салдары

04/04/2017

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны А.С. Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 669-бабымен айыпты деп танылып, ол екі тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынған.

«Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

04/04/2017

Арыс аудандық сотында судья Г.Ерназарованың төрағалық етуімен Арыс қалалық заң кеңсесінің қорғаушыларының, азаматтық хал актілерінің тіркеу органының мамандары мен Арыс қалалық аналар-әйелдер кеңесі мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысумен «Отбасы тұрмыстық қатынастар саласындағы даулар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сайрам аудандық сотында сенбілік өтті

04/04/2017

Ағымдағы жылдың сәуір айының 1-ші жұлдызы күні Сайрам аудандық сотының қызметкерлерімен сот төрағасы Б.Тыныбековтың бастауымен сот ғимаратына тиесілі ауланы тазалау жұмыстары жүргізілді.