Адвокатқа қатысты айыптау үкімі шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында адвокат Б.А.-ға қатысты қылмыстық  істің  қаралуы  аяқталды.

Сотталушы Б.А. 2016 жылы қыркүйек айында азамат Е.А.-ға қылмыстық құқық бұзушылық жасауға кеңестерін, қажетті ақпараттарын беріп, оның басқаруындағы «Toyota» маркалы автокөлігін белгісіз тұлғалар ұрлап кеткендігі жөнінде полиция бөліміне жалған мәліметпен арызданып, автокөлікті тығып қойған жағдайда «Kaspi Страхование» АҚ-нан сақтандыру полисі арқылы қомақты қаражат алуға болатынын  айтып,  оның  көрінеу  жалған  сөз  жеткізуіне  көмек  берген.

Сот үкімімен сотталушы Б.А. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28-бабының 5-бөлігі – 419-бабының 3-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 /төрт/ жыл мерзімге бас  бостандығын  шектеу  жазасына  сотталып,  ҚК-нің  50-бабын  қолданып  3 /үш/ жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырылып, пробациялық  бақылау  белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі