Аудандық сот төрағалары «Қазақстан полициясына 25 жыл» медальмен марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан полициясы күніне орай Мақтаарал, Ордабасы аудандық Ішкі істер басқармаларында салтанатты жиындар өтті. Іс-шаралардың барысында аудандық Ішкі істер басқармаларының басшылары Мақтаарал ауданының №3 аудандық сотының төрағасы Н.Құламқадырұлына және Ордабасы аудандық сотының төрағасы Қ.Мұсаевқа аудандық сот төрағасының қызметін мінсіз атқарып, ішкі істер органымен бірлесе отырып жұмысты ұйымдастыруға елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Ішкі істер министрлігінің «Қазақстан полициясына 25 жыл» ведомстволық медалдарын салтанатты түрде тапсырды.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі