Айыппұл ерікті түрде төлеуге жатады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабының 1-бөлігімен азамат С.Б.  қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылы 5 маусымында сағат 23:20 минутта Сарыағаш қаласы, Самал мөлтек ауданында полиция қызметкерлерімен азамат С.Б.  ешқандай рұқсаты болмаған «Иж-27ЕМ» маркалы қаруы табылып, алынған.

Сот қаулысымен құқықбұзушы С.Б. жиырма  айлық есептік көрсеткіш яғни 45 380  теңге көлемінде айыппұл салып, «ИЖ-27ЕМ» қаруын мемлекет пайдасына тәркіледі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі