Азаматтық іс пилоттық жоба аясында қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында талапкер И.З. жауапкер А.Р.-дан қарыз ақша өндіру туралы  талап қою арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Азаматтық процестік кодекстің 165-бабы 16-тармағына сәйкес және пилоттық жобаны іске асыру мақсатында тараптарға татуласу рәсімдерін қолдану мүмкіндігі туралы хабарлама жолданды.

Істі сот отырысына әзірлеу барысында тараптар кәсіби медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімін жасап, оны бекітуді сұраған.

Келісім бойынша тараптар бітімгершілік шартындағы міндеттерді орындауға, яғни жауапкер А.Р. 1 140 000 теңге қарыз ақшасын 2017 жылдың 19 маусым айынан бастап ай сайын 60 000 теңгеден төлеп отырып, 2018 жылдың 19 желтоқсанына дейін толығымен қайтарып беруге міндеттеме алды.

Ал, талапкер өз талабынан бас тартып, медиатордың көмегімен келісімге келіп, дауды медиация тәртібінде реттеу келісімі жасалуына байланысты, азаматтық істі қысқартуды сұраған.

Жауапкер медиативтік келісімді өз еркімен орындамаған жағдайда, талап қоюшы сотқа мәжбүрлі түрде орындау үшін атқару парағын алуға арыздана алады.

Ұйғару заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі