Бала үш жасқа толғанша алимент өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы А. Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотына келтірген талап арызында жауапкер Н.-дан бала үш жасқа толғанша өзіне алимент өндіруді сұраған.

Сот отырысында жауапкер Н. талап арызды толық мойындап, талап қоюшының пайдасына алимент төлеуге қарсы еместігін көрсеткен.

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотының шешімімен жауапкерден талап қоюшының пайдасына 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 6 477 теңге алимент өндірілді.

Шешім заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі