Билік өкіліне бағынбағаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ОҚО Созақ аудандық сотында С.Б. мен Т.Н.-ға  қатысты билік өкілінінң заңды  талабына бағынбай, оны әдепсіз түрде қорлағаны үшін Қзақстан Республикасы ҚК-нің  378-бабы 1 б., 379-бабы 1-б., 380-бабы 1-б,  және 200-бабы 2 б. 1 тармағы бойынша  қылмыстық іс  қаралды.

Сот талқылауы барысында, С.Б. мен Т.Н. тергеу органына еріксіз түрде шақырылған адам бола тұра, Созақ АІІБ-нің қызметкерінің заңды талабына бағынбай, күш қолданып,  оны әдепсіз түрде қорлаған.

Сот үкімімен С.Б. мен Т.Н. Қазақстан Республикасы  ҚК-нің   378-бабы 1 б., 379-бабы 1 б., 380-бабы 1 б. және 200-бабы 2 б.1 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.         

Үкім заңды күшіне енбеді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі