Билік өкіліне бағынбаушылық танытқандары үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкентқаласының Қаратау аудандық сотында билік өкіліне бағынбаушылық танытқан азаматтарА.А. пен И.Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.А. және И.Ж. 06.06.2017 Шымкент қаласы, Қайнар бұлақ саяжайы, Степная көшесінің бойында мас халде кетіп бара жатқандарында өз қызметтік міндеттерін атқарып жүрген Қаратау полиция бөлімінің инспекторы С.А. көріп, оларға қоғамдық орында масаң күйде жүруге болмайтынын, өзімен бірге учаскелік тірек пунктіне баруды талап еткенде, барудан қасақана бас тартып, билік өкілінің заңды талабына бағынбаған.

28.06.2017 жылғы сот үкімімен А.А. және И.Ж.Қазақстан Республикасы ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігіндегі көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100  /жүз/  сағат қоғамдық  жұмысқа  тарту  жазасы  тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі