Дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында талап қоюшы «С.С.» ЖШС-гінің жауапкер «Ч.»  ЖШС-нан 1 267 897 теңге  көлеміндегі  қарыз соммасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі  қаралды.

Істі сотта қарау барысында тараптар келісімге келіп, судья-медиатордың қатысуымен дауды сот медиациясы тәртібінде реттеу келісімін жасады.

Келісім бойынша жауапкер медиация келісімімен бекітілген сот ұйғарымы заңды күшіне енгеннен кейін 28 күн ішінде 1 267 897 теңге қарыз соммасын өтеуге міндеттенеді.

Тараптарға АПК-нің 48, 194-бабы 6-тармағының, 277 және 179, 180-баптары бойынша медиативтік келісім бекітілудің талаптары түсіндірілді.

Төленген 55 605 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі