Қоғамдық орында мас күйде жүргені үшін әкімшілік жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысымен Шымкент қаласының тұрғыны Д.Е. ҚР ӘҚБтК-нің  440-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалған.

Сот отырысында құқық бұзушы Д.Е.-ның қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін әкімшілік жазаға бір жыл ішінде екі рет тартылған адам бола тұра, 10.06.2017 жылы сағат 18:20 шамасында Шымкент қаласының Ш.Уалиханов көшесінде мас күйде жүргені анықталды.

Сотта түсінік берген құқық бұзушы Д.Е. өзінің айыбын толық мойындап, өкінетінін айтты.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі