Қылмыстық іс медиация тәртібімен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Қаратау аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігімен жауапқа  тартылған  А.М.-ға қатысты  қылмыстық  теріс қылық  туралы іс қаралды.

Сот талқылауында анықталғандай, айыпталушы А.М. өзінің басқаруындағы «Hyundai Sonata Lpg» маркалы автокөлігімен Шымкент қаласы, Қ.Төлеметов көшесімен Бәйдібек би даңғылы бағытынан Тассай шағын ауданы бағытына қарай келе жатып, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі қағидасының» өрескел бұзып, жол қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етпестен, жолдың қарама-қарсы бағытынан тіке келе жатқан «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған. Нәтижесінде «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігінің жолаушысы А.С.-тің денсаулығына абайсызда орта дәрежелі зиян келтірген.

Сот қаулысымен айыпталушы А.М. ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігінің негізінде жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына, келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен тоқтатылған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі