Әл-Фараби аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотында «Тергеу судьясының өкілеттігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы мен судьялары, облыстық, Әл-Фараби аудандық прокуратураларының және көлік прокуратурасының  прокурорлары,  ОҚО ІІД-і Шымкент қалалық ІІБ-ның, Әл-Фараби полиция бөлімінің тергеу бөлімінің басшылары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының ОҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы қатысты.

Сот төрағасы Маратәлі Бекназаров іс-шараны аша отырып,  тергеу судьяларының атқарған жұмыстары және осы бағыттағы жүргізіліп жатқан реформалар туралы сөз қозғап, өткізіліп отырған кездесу жұмыс барысындағы туындаған өзекті мәселелерді шешудің бірден-бір жолы екенін атап өтті.

Әл-Фараби аудандық сотының тергеу судьясы Ғани Байарыстан баяндамасында тергеушілер анықтаушылар тарапынан күзетпен ұстау бұлтартпау шарасын ұзартуды, мүлікке тыйым салуды, қарап тексеруді, алуды санкциялау жүргізу материалдарын ұсынған кезде орын алып отыратын кемішіліктер жөнінде айтты.

Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры М.Ахмедов және Шымкент ҚІІБ-ы тергеу бөлімінің басшысы Е.Қарсыбаев аталған кемшіліктер бойынша өз пікірлерін білдіріп, тергеушілер мен анықтаушылардың жұмысын ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсыныстарын келтірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, талқыланған мәселелер болашақта сот-тергеу практикасында басты назарға алынатын болды. 

Сонымен қатар сот төрағасы мен тергеу судьялары құқық қорғау қызметкерлерінің қойған сұрақтарына толыққанды жауаптар берді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар кездесудің жұмысқа нақты бағыт-бағдар бергенін атап өтіп, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі