Несие алушы банкке берешек қарызын сот шешімі шыққанға дейін толық көлемде өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талапкер банктің жауапкер С.-дан 368 000 қарыз ақшаны өндіру және кепілдік мүлкін өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Істі сот талқылауына дайындау барысында Банктен жауапкер С.-тің берешек қарызын толық көлемде өтелуіне байланысты талап арыздан бас тартып, істі өндірісімен қысқарту жөнінде арыз келіп түскен.

Сот ұйғарымымен талап арыздан бас тарту қабылданып, іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі