Оңтүстік Қазақстан облыстық соты бейнеконференцбайланысты қолдану бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты ҚР ІІМ ОҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қылмыстық істер бойынша материалдарды қарау кезінде бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдануды түсіндіру бойынша семинар өткізді.

Семинар жұмысына ОҚО бойынша Соттар әкімшісінің орынбасары Найля Уразгалиева, Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Арман Мұсаев және ҚАЖ ОҚО бойынша департаментінің басшылығы мен жауапты қызметкерлері қатысты. Олар өзара жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.                                

Іс-шара барысында Н.Уразгалиева 2016 жылдан бастап облыс соттарында шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазалау шараларын ауыстыру және басқа да материалдарды қарау кезінде бейнеконференцбайланыс жүйесін қолдану жобасы іске қосылғанын атап өтті. Оның айтуынша ағымдағы жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін өңірдегі соттарда бейнеконференцбайланыс жүйесінің көмегімен барлығы 740 сот отырысы өткізілген. Н.Уразгалиева БКБ-ты қолдану кезінде жиі орын алып отыратын кемшіліктерді атап өтіп, құрылғыны пайдалану методикасын жан-жақты  түсіндірді.

Семинар қорытындысы бойынша бейнеконференцбайланыс құрылғысымен жұмысты іске асыруға жауапты Департаменттің қызметкерлері мен құрылымдық бөлімшелері анықталып, хаттамалық шешіммен бекітілді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі