Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы халықпен кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының төрағасы Е.Рахманбердінің бастамасымен Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Қайтпас ықшам ауданында орналасқан №58 мектеп ғимаратының акт залында халықпен кездесу өтті. Іс-шараға Қаратау ауданы әкімінің орынбасары Е.Бекназаров, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен ауыл әкімшілігінің қызметкерлері қатысты.

Жиынды сот төрағасы Е.Рахманберді ашып, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына кіруді көздейтін саяси және экономикалық жаңғыртудың негізі болып саналатын қоғамдық сананы жаңғыртудың өзекті мәселелері қозғалған Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі идеялары мен маңыздылығын айтып, кейбір өзекті ой-тұжырымдары мен елімізде таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі алты  міндетке, Ұлт жоспарындағы  Заң  үстемдігін  қамтамасыз  ету  реформасы  аясында  жүргізіліп  жатқан  сот-құқықтық  реформадағы  өзгерістер  және толықтырулар  енгізілген  соңғы  Заңдарға, яғни Қылмыстық кодекстегі 108, 109-баптары алынып тасталып, әкімшілік жауаптылыққа тартылатыны жөнінде тоқталып өтті.

Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» Заңын, азаматтық сот ісін жүргізудегі дауларды (жанжалды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны, олардың қолданылу тәсілдері жайлы баяндама жасады.

Сондай-ақ, меншік құқығын тану жөнінде Азаматтық кодексінің 244-бабының 3-бөлігінің негіздерін, яғни өз бетінше салынған құрылыстарға жергілікті атқарушы органдардың келісімі болған кезде ғана меншік құқығы танылатынын, күнделікті туындайтын жер даулары бойынша заңнамаларды кеңінен түсіндірді.

Іс-шара соңында  сот төрағасы ауыл тұрғындарының қойған сұрақтарына жауап берді. Ұйымдастырушылар мен қатысушылар сот тәжірибесін одан әрі жақсартуға септігін тигізетін осындай маңызды кездесулердің аса қажеттігін  атап  өтті.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі