Сот қоғамдық орынды ластағаны үшін әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданының мамандандырылған Әкімшілік сотында ұсақ бұзақылық жасағаны  үшін азамат К.К. қатысты әкімшілік ісі қаралды.

Сот  анықтағандай,  азамат К.К.  қоғамдық жерде бола тұра, темекінің қалдығын арнаулы орта оқу орнының жатаханасынның ауласына лақтырып, айналаны ластаған. Осы әрекетімен азамат К.К.  айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот қаулысымен азамат К.К. Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлігіне сәйкес («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі