Сотты құрметтемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Созақ аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабы бойынша Созақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілі А.Г.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат А.Г. азаматтық іс бойынша тарап болып табылатын Созақ аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің өкілі бола тұра, өтіп жатқан  сот отырысына бірнеше рет белгісіз себептермен келмеуіне байланысты сот процесі бірнеше рет кейінге қалдырылған.

Сот қаулысы бойынша құқық бұзушы А.Г. сотқа құрметтемеушілік білдіріп, тағайындалған сот отырысына бір неше рет белгісіз себептермен  келмегені үшін Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлімімен кінәлі деп танылып, жауапқа тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген. 

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі