Судья-медиатор дауласушы тараптарды татуластырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық сотында талап қоюшы Т.Ж.-ның жауапкер А.А.-ға материалдық зиян мен моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралған.

Істі сотта қарауға дайындау барысында тараптардан істі пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту жөнінде арыз келіп түскен.

Соттың ұйғарымымен талап қоюшы мен жауапкердің арасындағы дауды судья медиатордың қатысуымен пилоттық жоба аясында медиация тәртібімен реттеу туралы ортақ келісім бекітілген. Келісімге сәйкес, талап қоюшы Т.Ж. 70 000 теңге мөлшеріндегі материалдық зиянды және 500 000 теңге моральдық шығын өндіру туралы талап қою арызынан бас тартты.

Жауапкер А.А. талап қоюшыға 70 000 теңгені 20.06.2017 жылға дейін қайтарып беруге міндеттенді.

Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі