Тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты сот олардың жасаған келісімін бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы З.С. сотқа берген талап қою арызында жауапкер Г.Б.-дан 250 000 теңге материалдық шығынды өндіруді сұраған.

Сот мәжілісінде талап қоюшы З.С. талап қою арызынан бас тартатынын айтып, жауапкер Г.Б. екеуінің арасында медиатордың көмегімен жасалған келісімді бекітіп беруді және іс бойынша іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Жауапкер Г.Б. талап қоюшымен бітім-келісімге келгендерін, бір-біріне арыз-дауы жоқ екенін айтып, соттан аталған келісімді бекітіп, іс жүргізуді қысқартуды сұрады.

Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының ұйғарымымен тараптардың медиация тәртібімен татуласуына байланысты жауапкер Г.Б. талап қоюшы З.С.-ға келтірілген материалдық шығыннан 50 000 теңгені 10 шілде 2017 жылға дейін төлеп беру туралы жасалған келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен қысқартылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі