Түркістан қалалық сотында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Түркістан қалалық сотында судьялардың, сот және күзет қызметкерлерінің қатысуымен қауіпсіздік шараларын күшейту  мақсатында кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында қалалық соттың төрағасы О.Серікбаев қатысушыларға сот ғимаратының ішкі қауіпсіздігін және терроризмге қарсы қорғау деңгейін арттыру мақсатында сот приставтары мен күзет қызметкерлері тарапынан қауіпсіздікті күшейту, сот ғимаратына келушілерге арналған өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың талаптарын орындау, сот ғимаратына тыйым салынған заттардың кіргізілуіне жол бермеу қажеттілігін түсіндіріп, орын алған кемшіліктер жайлы айтып өтті.

Түркістан қаласы бойынша күзет бөлімінің бастығы Б.Ошаев обьектінің террорға қарсы қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастырушылық іс-шаралар, жалпы өткізу режимі және азаматтардың сот ғимаратындағы жүріс-тұрыс қағидасы, сот процесіне қатысушыларды сот приставы не кеңсе қызметкерлерінің тіркеп кіргізуі жайлы, сондай-ақ сот ғимаратына келушілер үшін арналған өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен бұйрық бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Источник: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі