Заңсыз марихуана - есірткі затын өткізгені үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шымкент қаласының Абай аудандық соты А.-ға қатысты сотқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен берілген  қылмыстық істі қарады.

Істің мән-жайына сәйкес, сотталушы А.  есірткі затын өткізу мақсатында лақап аты «Марат» есімді тұлғамен кездесіп, соңғыға  бір  дана сіріңке қорабына салынған 3,33 грамм марихуана  - есірткі затын  1000 теңгеге сатқан.

2016 жылдың 2 тамызындағы соттың үкімімен сотталушы А.-ның  мүлкі тәркіленіп, 5 (бес) жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып,  жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі