Жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіргені үшін жаза тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сарыағаш ауданы №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабымен сотталушы Ә.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс бойынша анықталғаны, сотталушы Ә. өзінің танысы жәбірленуші С.-ны бас араздық салдарынан ұрып-соғып, қасақана денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

Сот, сотталушы Ә.-ні Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 53 025 теңге айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Үкім заңды күшіне енген.

Қайнар: 
Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі